11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Умра қажылығына барған әйелдің хайызы болса, не істейді?

Умра қажылығына барған әйелдің хайызы болса, не істейді?

Қажылық

Ихрамға кіргеннен кейін хайызы келген әйел заты «тауаф» ғибадатынан өзге расімдерді орындай береді. Хайызды кезінде тауаф ғибадатын орындау – харамға жақын мәкруһ болып табылады.

Сондықтан, ондай жағдайда, ереже бойынша хайызы тоқтағанға дейін Мекке қаласында қалып, хайызы тоқтағаннан соң тауафын орындап, құлшылығын аяқтауы тиіс. Ал, оған мүмкіндігі жоқтар, хайызды болса да тауафын орындап, артынан бір қой құрбан шалады (бұл умра қажылығына қатысты). Өйткені, Ханафи мәзхабында тауафты дәретсіз, ғұсылсыз орындау күнә болғанымен, ол тауафтың шарттарынан емес, сондықтан да хайыз жағдайында жасаған тауафы саналады, алайда тахриман мәкруһ болатындықтан, күнә, сол себепті ол үшін бір құрбан шалуы шарт. Құрбан  – қажылық парызын өтеуші үшін бір ірі қара, ал умра қажылығын өтеушілер үшін бір қой.

Осыған байланысты қосымша айта кетелік: қажылық сапарына шыққан кейбір әйел кісілер хайыз келер мерзімі жақындаған болса, «хайыздың келуін кешіктіретін» арнайы медициналық препарат ішіп алатын ұқсайды, осылай кедергісіз тауафын орындап, қажылық рәсімдерін толық өтеп алады екен, бұндай амал-тәсілге жүгінудің де күнәсі жоқ, бастысы денсаулығына зиян болмауы тиіс. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: