29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мухаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) қысқаша өмірбаяны

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өмірбаянын білу дін негіздері мен шариғат талаптарын дұрыс ұғынып, түсінуге ықпал ететіні күмәнсіз.

Мәселен, тафсир саласын алайық. Тафсир – құранды зерттейтін ғылым саласы. Құранды зерттеу тек араб тілін білумен шектелмейді. Ғалымдардың айтуынша, тафсир жазатын адам он бес түрлі ілімді игеруі тиіс. Оның ішіне пайғамбар тарихы да кіреді. Себебі, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарихын жетік білмеген адам кез-келген аяттың түсірілу себебін анық-қанды түсіндіріп бере алмайды. Ал ол болмаса, аятты толық түсіну мүмкін емес.

Хадис жайында да осыны айтса болады. Хадис – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтқан сөзі. Осы күні бар болғаны хадистің аудармасын оқып, бір мәселеге пәтуа айтатындар пайда болған. Бұл, ең кем дегенде, саутсыздық десек, қателеспейміз. Ал негізінде бір хадисті бір мәселеге телу үшін түрлі білім иесі болу шарт. Сол түрлі білімнің қатарына тарихты жатқызсақ болады. Бұл талап орындалмаған жағдайда хадис қате қолданылуы ықтимал.

Демек, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өмірбаянын білу мұсылман қауымы, соның ішінде әсіресе дін саласының мамандары үшін міндетті іс. Осы мақсатта назарларыңызға ардақты Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қысқаша өмірбаян ұсынамыз.

Абдуссамад МАХАТ, 

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

Бөлісу: