19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Имам жұма құтпасын оқығанда не үшін таяқ ұстайды?

Имам жұма құтпасын оқығанда не үшін таяқ ұстайды?

Сұрақ-Жауап

Ислам ғұламаларының көпшілігі жұма күні құтба оқылу барысында имамның сол жағымен аса таяққа сүйеніп тұруын сүннет санаған[1]

Өйткені сахаба әл-Хакәм ибн әл-Күләфиден (с.ғ.с.) жеткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келген едім. Біршама күн аялдадым. Сол күндері жұма намазын Алла Елшісімен (с.ғ.с.) бірге оқыдық. Алла Елшісімен (с.ғ.с.) құтбада аса таяққа немесе садаққа сүйенген күйі тұрып, Аллаға хамд-сәнәлар айтты, жеңіл және мән-мағыналы әдемі сөздер айтты (яғни, хұтба оқыды)»[2].

«Алла Елшісі (с.ғ.с.) құтбаға тұрғанда қолына аса таяқ алатын да мінберде тұрғанда сол таяққа сүйеніп тұратын. Кейін Әбу Бәкір Сыддық (р.а.), Омар ибн Хаттаб (р.а.) және Осман ибн Аффан (р.а.) солай істейтін». (Ибн Шиһаб)

Бүгінде имамдардың құтба оқығанда қолдарына аса таяқ ұстап тұруы осы сүннеттен бастау алады. Негізгі себебі – сол.

Ханафи ғалымдары құтба оқығанда аса таяққа сүйеніп тұруға қатысты екі түрлі тұжырым білдірген деуге болады. Аса таяққа сүйенуді сүннетке қайшы деп, жеңіл мәкруһке балағандар болғаны секілді[3], оны құтбаның сүннетінен санаған ғалымдар да бар[4].

Абдусамат Қасым


[1] Һубату Зухайли: әл-Фиқһуль Исләми. 2/293

[2] Әбу Дәуіт, №1096 хадис.

[3] Фәтәуә Тәтәрхания.

[4] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр, 3/41 бет.

Бөлісу: