08
Сенбі,
Ақпан

һижри

Құптаннан бұрын ұйықтау – мәкруһ

Құптаннан бұрын ұйықтау – мәкруһ

Намаз

Әбу Барза (риуаят етті) : «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтаннан бұрын ұйықтауды және құфтаннан кейін сөйлесіп отыруды мәкрүх дейтін»,- деді.

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтан намазына имамдық қылуы керек еді, бірақ кешігіңкіреп шықпады. Сол кезде хазреті Омар (р.а.): «Әйелдер мен балалар ұйықтап қалды»,- деп дауыстап, ол кісіні шақырды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шығып: «Жер жүзінде сендерден басқа ешкім құфтан намазын оқимын деп күтіп отырған жоқ»,- деді. Айша анамыз (р.а.) айтты: «Сол кездерде Мединеден басқа еш жерде намаз оқылмайтын еді. Адамдар құфтан намазын күннің қызыл шапағы көрінбегеннен бастап, түннің бірінші бөлімінің үштен бірі аралығында оқитын»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түндердің бірінде құфтан уақытында бір жұмыспен шұғылданып қалып, намазға кешігіңкіреп қалды. Біз ол кісіні тосып отырып, мешітте ұйықтап қалдық. Бір рет оянып қайтадан ұйықтап қалып, қайта ояндық. Содан кейін ғана Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің алдымызға шығып, бізге қарап: «Жер жүзінде сендерден басқа ешкім құфтан намазын оқимын деп күтіп отырған жоқ»,- деді.

Ибн Омардың (р.а.) өзін ұйқы қысып, құфтанды қаза қылып қоюдан қорықпаса, одан бұрын немесе одан кейін мызғып ала берер еді. Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түндердің бірінде құфтан намазына кешікті, тіптен, адамдар ұйықтап қалды, оянып қайтадан бір ұйықтап тұрысты. Сонда хазреті Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) тұрып, «Намаз!»,- деп дауыстады.

Ғата және ибн Аббас (р.а.): «Сонда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) екі қолы басында, шашынан суы тамшылаған күйі шықты да: «Егерде үмбетіме бұндай ауыр машақат болмағанда, құфтанды солай (кешірек) оқуды бұйырар едім»,- деп айтты»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: