Арафа күні және Арафатта тұрудың сүннеттері
- Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа қарай бет алу
- Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның екі хұтба оқуы
- Аузы берік болмау (ораза тұтпау)
- Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, ғұсыл құйыну
- Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу
- Бесін және екінті намаздарын бесін уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу – тақдим» деп атайды.
- Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау
- Уақфа жасаған уақытта дәретті болу
- Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара тастарында жасау
- Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, түрегеп тұру
- Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі және жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға жасау, тілек тілеу. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұғалардың ең қайырлысы – Арафа күні жасалған дұға» (Жамиъ сағир), – деп бұйырған.
- Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат айтып, күнәларына кешірім тілеу
- Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау
- Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен түсу
Ummet.kz