12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

«Сәті түссе, алып жеп қал» деген неткен жаман сөз

«Сәті түссе, алып жеп қал» деген неткен жаман сөз

Ислам тарихы

Ақырет күніне иман келтірмейтіндер бұлар бір күнмен өмр сүреді. Бір күн дегеніміз: тек осы дүние тіршілігі үшін әрекет ету.

Бұл жағдай кімді болса да түйіксіздікке алып барады. Нәтижесінде ол мал дүниенің, әуезқойлықтың құлы болып, халал мен харамды айырмайды. Адам бойындағы жеке басының мүддесін басқа адамдардың мүддесінен, қоғамдық мүддеден артық санау, қара бастың қамын ойлаушылық, өзімшілдік (эгоизм) принципі – Ақырет күніне деген имансыздықтың белгісі. Мен мұсылманмын деп құдайы жасап, кейін біреудің көзжасын ағызып, пара алуымен, халықтың дүниесімен шалқып өмір сүріп жатқанда арамызда қаншама. Осылардың «мен мұсылманмын» деген сөздерінің мәнісі бар ма?

Халал мен харамды айырмау дегеніміз осы. Егер осылар Ақырет күні болатындығына сенсе, сөзсіз, әр бір сөзі мен амалы үшін қатты сұрақ болатындығынан қорқып, көп жаман істен тыйылар еді. Негізінде мұсылманшылық құр сөзбен емес, Алла Тағаланың сөзі – Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал етумен болады.

Алла Тағала айтады: «Мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер жала жабуымен өздеріне күнә жүктеп алады.», («Ахзаб» сүресі, 58-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Мұсылмандарға тілі және қолымен жамандық қылмаған адам – ақиқат мұсылман!», хадисті Абдуллаһ ибн Әмрден (оған Алла разы болсын) (Имам Бұхари және Имам Муслим) риуаят етті.

Ең қорқыныштысы, біреудің ақысын жеуді адал іс деп білгендердің, өз балаларын соған үйретуі. «Сәті түссе алып жеп қал, шамаң жетсе керегінді тартып ал» - деген сөз неткен жаман сөз. Бөрі қораға түссе, оның табиғаты, жаратылысы сондай. Біз бөрі емес, адамбыз ғой. 

материал «Ақырет күніне иман» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: