12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Пәтуа сұраған адамға ишара белгімен жауап берудің дұрыстығы

Пәтуа сұраған адамға ишара белгімен жауап берудің дұрыстығы

Ислам тарихы

Хажжат ул-Уадағта тұрғанында Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.):

«Шайтанға тас атпастан бұрын құрбандыққа атаған қойымды сойып қойыппын?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оның еш зияны жоқ»,- деді. (Қолымен ишара етті) Бір кісі: «Құрбандық қойды соймастан бұрын шашымды алдырып қойыппын?»,- деп сұрады.Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оның зияны жоқ»,- деп қолымен ишара етіп көрсетті.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ілім жоғалады, надандық күшейеді, бүліктер пайда болады, хараж ( қан төгу ) көбейеді»,- деді. «Я Расулулла, хараж деген не нәрсе?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мерт қылу»,- деген мағынада қолдарын тамағына тақап, ишара етіп көрсетті.

Асма (Әбу Бәкірдің қызы) айтты: «Айшанікіне бардым, ол намаз оқып жатыр екен. Адамдарға не болды десем, аспанға ишара-белгі қылды (мешіт жаққа қарасам, адамдар күн тұтылды деп қорыққандарынан намаз оқып жатқан екен) Мен: «Бұл қиямет белгісі ме?»,- деп сұрадым. Ол: «Иә»,- деп басын изеді. Мен де көзім қарауытып, есімнен танғанша, намаз оқыдым. Содан соң (есімді жинау үшін) басыма су құя бастадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аллаға мадақ айтып болып: «Бірер болса да көрмеген нәрсем қалмады. Мына осы тік тұрған жерімде барша нәрсені, тіптен, жәннат пен тозақты да көрдім. Маған: «Сендер қабірлеріңде Дәжжалдың бүлігіндей немесе соған ұқсас бір сынақтан өтесіңдер»,- деген уәхи келді. Сынақ уақытында: «Бұл кісіні танисың ба?»,- деп сұрайды. Сұраққа алынып жатқан адам шын иманды болса: «Бұл Мұхаммед (с.ғ.с.) бізге Алла тағаланың тура жолын алып келген, мұғжизалар көрсеткен, біз қабыл қылғанбыз»,- деп және үш мәрте «Бұл Мұхаммед (с.ғ.с.)»,- деп қайталар. «Біз сенің шын иманды екенінді білгенбіз, қылған жақсылықтарыңның рахатын көріп ұйықтай бер»,- дейді. Ал, жауап беруші Мунафиқ болса, «Білмеймін, адамдардан не естіген болсам, соны айтқан болатынмын” (яғни, бұл кісіні Пайғамбар ғ.с. деп анық айта алмайды)»,- дейді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: