Кешке шейін тірі өмір сүрсең, таңға шейін де өмір сүретініңе толық сенімде болма. Ал енді таңға шейін өмір сүрсең, міндетті түрде кешке шейін өмір сүрем деп ойлама. Сен бүгін, қазірдің дәл өзінде өмір сүріп жатырсың. Өткенді қайтара алмайсың, ал енді келешек әлі келген жоқ. Сондықтан бүгінгіңе, қазіргіңе көңіл бөл.
Еліктеушілікпен иман ету дегеніміз не?
Еліктеу иманы – қоршаған ортаның әсерімен немесе біреулерден естіп, соларға еліктей отырып мақұлдау.
Өзгеге сын айтушылардың әдебі
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген жақсы сөз бар. Жаратылысымыз пенде болған соң, жаңыламыз, сүрінеміз. Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Барлық адам қателік жасаушы» деп бұл ақиқатты білдіріп кеткен. Ендеше, бай болсын, кедей болсын, мейлі ғалым, мейлі жай адам болсын, патша немесе қара болсын, бәрібір кемшілік жасамай тұрмайды.
Білімсіз адамның дін атынан сөйлеуі
Надандық – адам бойындағы білімсіздікті, қараңғылықты, мәдениетсіздікті білдіретін құбылыс. Ізгілік пен парасатқа негізделген ақылдың кемел формасы сау ақыл болған жерде надандыққа орын жоқ. Өйткені кемел ақыл – надандықтың дұшпаны.
Ғайыпты білу мүмкін бе?
Құран кәрімнің көптеген аяттарында «Ғайыпты тек Алла білетіндігі» айтылған. Мысалы, бір аятта «Уа, Мұхаммед!): «Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі бірде-бір жан ғайыпты білмейді. Ғайыпты бір Алла ғана біледі» делінген.
Ғайбат – мүминнің ар-намысына деген шабуыл
Қазақ халқының ұғымында «ғайбат» деп біреудің сыртынан жамандауды айтқан. Түсіндірме сөздіктерде де «ғайбат» сөзіне «өсек-аяң, жалған сөз» деген анықтама берілген.
Үлкен күпірлік пен кіші күпірлік арасында айырмашылық
Мұсылман қоғамын әлсіретіп, құрдымға апарар себептің бірі – бірін-бірі күпірлікпен айыптау әдеті.
Қалай дұға етуіміз керек?
Ең алдымен дұға еткенде Алла тағаланың қабыл ететініне шүбәсіз толық сеніммен сұрау қажет. «Маған бәрібір» немесе «Мынадай нәрсені маған бересің бе, уа, Раббым?» деген секілді түрде дұға етуге болмайды.
Алланы еске алу – жүрекке орасан зор шипа
Ақыретте сыйлыққа (сауаптарға) және бақыттылыққа ие болудың жеңіл жолы бар. Өкінішке орай, көпшілік оны ұмытып қалған. Бұл – ғибадаттың ең жеңіл түрі. Ол үшін өте үлкен сыйлық беріледі, бірақ көпшілік оны қолданбайды. Бұл ғибадат – Алланы еске алып, зікір қылу. Жаратқанды еске алып, зікір қылу – жердегі пейіш. Алланы еске алу – шексіз ілімнің Иесі болған Жаратқанның алдындағы істердің ең жақсысы және ақыреттегі ұлы дәрежелерге көтерілудің басты құралы.
Берік иманға қалай қол жеткіземіз?
Бұған дейін де қысқаша баяндағанымыздай, иман ғимараттың тағаны немесе ағаштың тамыры тәрізді дүние. Ағаштың тамырындағы өзгеріс пен жетілу бұтағы мен жемісіне қалай әсер етсе, имандағы жоғарылау да адамның құлшылыққа деген ықыласы мен ынтасына әсер етеді.
Ислам діні көп нәрсеге тыйым сала ма?
Көп адамдар Ислам діні адамды көп нәрседен шектейтін дін деп ойлайды. Шын мәнінде солай ма? Ойланып көрелік. Дінімізде тыйым салынған нәрселер саусақпен санарлықтай тым аз деуге болады. Күллі мүлік атаулының иесі Ұлы Жаратушы қалаған ісін жасауға құдіретті.